Құрметті тұрғындар мен қонақтар!
6 сәуір, сағат 9:10-да Батыс Қазақстан облысы аумағында «Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналын беріп, Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізеді. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Фото: tengrinews
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек. Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты, мүмкін болса одан әрі әрекет ету туралы нұсқауларды оқып шығу керек.
Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қонақтардан тыныштық сақтап, үрейленбеуді сұрайды.