24.02.2022, 17:30
Оқылды: 39

БҚО-да есірткі тасумен айналысқан қыз ұсталды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті есірткіні заңсыз тарату фактісі бойынша 19 жастағы қыз ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
06
Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде алты пакетке бөліп салынған 4,37 грамм және қырық пакетке бөліп салынған 26,92 грамм зат табылды. Сарапшы жасаған қорытындыға сәйкес,тәркіленген заттар синтетикалық есірткі – мефедрон екені белгілі болды.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале