7.08.2024, 9:30
Оқылды: 16

БҚО-да есірткіге қарсы төрт жүз елуден астам профилактикалық іс-шара өткізілді

Осы жылдың өткен жеті айында облыс аумағында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 162 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде 54 қылмыс және 108 қылмыстық теріс қылық анықталды. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

A8CBDBC8-80F7-47EF-84B2-AE80196CCC75

«Анықталған 54 есірткі қылмысының 26 фактісі есірткі заттарын заңсыз өткізу, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың үш фактісі, есірткі контрабандасының 18 фактісі, ұйымдасқан қылмыстық топты құрудың және оған басшылық етудің екі фактісі, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің үш фактісі, сондай-ақ, есірткі заттарын заңсыз жарнамалаудың екі фактісі анықталды. БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кең ауқымды шара барысында заңсыз  айналымнан 31 келі 424 гр. есірткі затын тәркіледі.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті денсаулық сақтау, білім басқармасы, волонтерлерімен және басқа да ұйымдармен бірлесе өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында 461 іс-шара өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады.

E6A2137B-0A91-46AF-80ED-2D5254E7EF06

Оның ішінде қала мектептері мен колледж оқушыларына 198 дәріс, «Есірткінің зияны туралы» тақырыбында 58 акция, 42 спорттық іс-шара өткізілді. Батыс Қазақстан облысының аумағында есірткінің алдын алу бағытында 35 баннер және 2 LED экран орнатылды.

C9EB6F31-77B8-4288-865E-E767DEF4C749

Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, Денсаулық сақтау, есірткі диспансерімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында 255 рейдтік іс-шара өткізілді», деп хабарлады департаменттен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале