Бұл науқан Қазакстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қоғамның төзімділігін қалыптастыру, цифрлық кауіпсіздік, құрмет және интернет кеністіктегі тең құқыктар идеяларын ілгерілету. Шаралар көп, қатысушылар құрамы да алуан түрлі.

Кеше Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері Бәйтерек ауданына іссапармен барды. Кездесу барысында облыс пен ауданның бірлескен ведомствоаралық тобының «Гендерлік зорлық-зомбылыққа карсы 16 күндік белсенді әрекет» республикалық науқанын іске асыруға арналған отырыс болды.

Аталған науқаннын ұраны – «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік!». Қатысушылар қатарында БҚО әкімі аппаратының өкілдері, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары, аудандық прокуратура прокуроры, өнірдің бала құқыктары жөніндегі өкілі, мәслихат депутаттары, облыстық және аудандық деңгейдегі құқық корғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, отбасын қолдау орталығы және басқа да мамандар болды. Одан кейін топ мүшелері Камен мектебі мен «Бәйтерек» колледжіне барып, жоғары сынып окушыларымен «Интернет – құрмет кеністігі. Цифрлық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты тақырыптық кездесулер өткізді. Кездесуге қатысушылар ортақ пікірге келді: цифрлық кеңістік өздігінен реттелмейді, оны адамдар қалыптастырады. Егер әлеуметтік желілерде агрессивті мінез-құлыкты жаулап алса, онда цифрлық сауаттылықты арттыру, кауіпсіз онлайн қарым-қатынас дағдыларын үйрету, эмпатия мен жауапкершілікті дамыту кажет.

Содан кейін облыстық жане аудандық комиссия мүшелері ерекше көңіл бөлуді кажет ететін, соның ішінде көпбалалы және толық емес отбасыларға барды.
Топтың барлық жұмысы халыктың цифрлық зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлықты арттыруға, кыздар мен әйелдердің цифрлық сауаттылығы мен құқыктық түсінігін көтеруге, сондай-ақ, практикалық колдау көрсетуге бағытталды.