30.01.2026, 17:45
Оқылды: 27

БҚО-да ІІО мұражайы құнды жәдігерлермен толықты

БҚО-да ІІО мұражайы құнды жәдігерлермен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

photo_5465266861516721617_y

Сурет: Polisia.kz

Музей экспозицияларына келіп түсетін әрбір жәдігер өз дәуірінің тынысын сездіріп, сол кезеңдегі заңдылықтар мен тәртіптің қалай орнағанынан хабар береді. Осы орайда, "Ішкі істер органдарының Құрметті ардагері", милиция майоры Беркалиев Демеу Темірғалиұлының қызметтік мұрасының музей қорына қабылдануы — тарихи сабақтастықтың жарқын үлгісі. Оның ұзақ жылғы мінсіз қызметінің нышаны ретінде музей төрінен орын алып, тарихи жәдігерлер қатарына қосылды. Кеңес Одағы аумағында ортақ, біріңғай үлгідегі жүргізуші куәліктерін беру 1936 жылы басталды. Жүргізушілер үшін де, инспекторлар үшін де ең қолайлы әрі есте қалған құжат — 1963 жылдан бастап берілген қызыл түсті кітапша үлгісіндегі куәлік, сол дәуірдегі тәртіптің ең басты тетігі — куәлікке қосымша берілетін "ескерту талоны" және мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің басты құралы — компостер. Егер жүргізуші жол ережесін бұзған жағдайда, инспектор арнайы құрылғы — компостермен талонды тесетін. Ал, жүргізуші бір жыл ішінде үш рет ереже бұзып, талонына үш тесік жасалса, ол жол ережесі білімін қайта тексеруге жіберілетін. Бұл жүйе 1993 жылға дейін тиімді жұмыс істеп, жол үстіндегі тәртіпті темірдей ұстауға септігін тигізді. Аталған жәдігерлер келешек ұрпақ үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәртебесін асқақтатып, олардың қиын да жауапты жұмысының тарихи маңызын паш ете бермек. Осылайша, Демеу Темірғалиұлының жеке заттары арқылы біз қазіргі цифрлық технологиялар дәуіріне дейінгі қалыптасқан мемлекеттік бақылау жүйесінің қалай жұмыс істегенін көре аламыз. Бұл тарихты білу — бүгінгі тәртіптің қадірін түсінуге көмектеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале