20.04.2021, 20:27
Оқылды: 33

БҚО-да індет өршіп барады

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңіріміздің Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласы  "қызыл" аймақта.  Ал "сары" аймақта Тасқала, "жасыл" аймақта Бөкей ордасы, Жаңақала Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандары. Облыс бойынша індет жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 237-ге жетіп, төрт мектеп толығымен карантинге жабылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.

217D15B1-AF43-4C88-AFE9-7B02D1367997

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың айтуынша, 4-ші тоқсанның басынан бері 162 оқушы коронавирус жұқтырған. Бүгінгі таңда 4 мектеп, сондай - ақ 29 мектептегі 66 сынып, 6 балабақшада 8 топ және бір ЖОО - да 2 топ карантинге толығымен жабылған.

998E4186-6942-4B6B-B999-F9E7F3713B87

     - БҚО-да екі аптадан астам уақыт бойы індет жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамнан төмен түспей тұр. Бізде енді жұқпалы аурулар ауруханасында төсек-орындар жетіспейді. Осыған байланысты қосымша 200 орын дайындаудамыз. Вакцинацияны тұрғындар алып жатыр. Вакцинаның тағы бір партиясы жақын арада келеді. Сондықтан екпе алғысы келетіндердің барлығына емхана арқылы кезекке тіркелу қажет. Өкінішке орай, мониторингтік топтардың жұмысы КВИ-мен күресте үлкен нәтиже бермейді. Отбасылық, үйлену тойлары жалғасуда, ал қоғамдық көліктерде адамдардың дені тұмша тақпайды, әлеуметтік қашықтық та сақталмайды. Қала әкімі мен аудан әкімдеріне бұл жұмысты, әсіресе түрлі іс-шаралар өтетін күні күшейтуді тапсырамын. Орал қалалық 2-ші және 4-ші емханалардың Колл-орталықтары қоңырауларға жауап бермейтіні белгілі болды. Бұл процесс шұғыл түрде реттелуі керек, Барлық телефондар көрсетілген уақытта жауап беруі тиіс. Коронавирус аймақтың өміріне қатты әсер етті, экономикаға, бизнеске соққы берді. Егер осы аптада КВИ науқастарының төмендеуі тіркелмесе, біз шараларды күшейтеміз. Мемлекеттік органдарға, жедел штаб мүшелеріне коронавирусқа қарсы күрес бойынша жаңа ұсыныстар мен әдістерді енгізу қажет, - деді жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

64F29D8D-FCD9-4B82-8A59-DF388A02FD12

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале