ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен республика бойынша «Protecting Business and Investments» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсетуге бағытталған жоба қолға алынды.
Жоба агенттік пен «Kazakh Invest Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жүзеге асырылуда.
Осы жылдың жазында Агенттіктің БҚО бойынша департаментімен «Конденсат» АҚ, «ABS-Мұнай», «Квант», «ОК Орал Кабель», «ПОШ Руно», «134» ЖШС-мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсету туралы 10-ға жуық меморандумға қол қойылды.
2018 жылғы 5 желтоқсанда Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, «DMD Production» мен «World Green Company» ЖШС директорларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды.
Өз сөзінде департамент басшысы Болат Исақов: «Агенттік бастаған жобаның алға қойған міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдыңғы қатарлы превентивті механизмдерін белсенді қолдану. Бизнес пен инвесторлардың сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға қол жеткізу мақсатымыз»,-деді.
Бизнес өкілдері келісімге қол қою бизнесті түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелінен қорғау кепілі болатынын және аймақтағы бизнестің дамуына оң әсерін тигізетінін айтты.
ҚР МҚІСЖҚА БҚО бойынша
Департаменттің Баспасөз қызметі
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер