15.10.2025, 13:00
Оқылды: 261

БҚО-да кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті

Тасқала ауылында облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары К.Е. Мендіғалиев төрағалық етті, сондай-ақ Тасқала ауданының әкімі Т.А. Шакиров қатысты.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.59.38

Отырыс жұмысына облыстық комиссияның тұрақты мүшелерімен қатар прокуратура, құқық қорғау органдары, салалық басқармалар, құқық қорғаушылар, депутаттар, облыс аудандары әкімдерінің орынбасарлары, Тасқала ауданының ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік орган басшылары, қоғам белсенділері қатысты.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.59.38 (1)

Отырыс барысында қала мен аудан жағдайында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллингтің алдын алу мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.59.39

Сонымен қатар, 13 отбасын қолдау орталығының, облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының, Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының, аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың және басқа да жауапты органдардың жұмысы қаралды.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.59.38 (2)

Негізгі назар өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылардың мәселелерін уақытылы қарау мен қабылданған шаралардың тиімділігіне аударылды. Сондай-ақ позитивті ата-аналық мәдениетті дамытуға және қауіп тобына жататын отбасы мен балалармен нысаналы жұмыс жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.59.39 (1) WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.59.39 (2) WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.59.40

Жұмыс сапарының екінші бөлігінде облыстық комиссия мүшелері аудандық аурухана, мектептер, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, отбасыны қолдау орталығы және басқа да әлеуметтік нысандарды аралап, мекеме қызметкерлерімен өзекті мәселелерді талқылады.

БҚО Қоғамдық даму басқармасының баспаөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале