Ағымдағы жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы аумағында эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты, коронавирустық жұқпа бойынша жаңа оқиға тіркелген жоқ.
Өздеріңізге белгілі, 29 наурызда Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) екі жағдайы тіркелген болатын. Екі пациент те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қажетті емдерін алуда. Қазіргі уақытта екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық.
Бүгінгі күні барлығы 84 адам стационарларға орналастырылған.
Жұқпалы аурулар ауруханасында - 2 адам, провизорлық госпитальдерде ЖРВИ белгілері бар - 59 адам, облыстың карантиндік госпиталінде - 23 адам оқшауланған.
zhaikpress.kz