12.11.2024, 0:00
Оқылды: 45

БҚО-да қатерлі ісікпен ауыратын адамдардың құқығы бұзылған

Батыс Қазақстан облысында онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқығы бұзылғаны белгілі болды.

IMG-20241111-WA0053Фото: freepik

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған мәселеге қатысты талдау жүргізілген.

Нәтижесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағидаларының бұзылғаны анықталды.

«Атап айтқанда, медицина ұйымдары паллиативтік көмек алатын онкологиялық аурумен сырқаттанатын адамдарды мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Қазіргі кезде прокурорлық қадағалау актісі бойынша шаралар алынып, медицина ұйымдары 7 азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін материал әзірлеуде. Бұзушылыққа жол бергені үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық онкологиялық диспансер» КМК-ның бөлімше меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады ведомстводан.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале