9.01.2026, 10:00
Оқылды: 125

БҚО-да «Қауіпсіз өңір – сенімді болашақ» жобасының іске асырылу тиімділігін бағалауға арналған форум өтті

Іс-шара барысында өңірдегі қылмыстық ахуалдың қазіргі жағдайы, сондай-ақ қылмыстың алдын алу және оны төмендету мақсатында қабылданып жатқан кешенді шаралар талқыланды.
_gluster_2026_1_8_bfd3dca00ed369f6d10d3d65adce3134_1280x720 (1)

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтегұлов пен Лязат Рыспекова, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан, облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Талқылауға сонымен қатар бизнес-қоғамдастық өкілдері, ірі сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, гипермаркеттердің және өзге де кәсіпкерлік нысандардың басшылары тартылды.

Форумға қатысушыларға Жедел басқару орталығының жұмыс істеу тетігі, сондай-ақ фото және бейнетіркеу жүйелерінің мүмкіндіктері көрнекі түрде көрсетіліп, оларды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында практикалық қолданудың негізгі бағыттары түсіндірілді.

Іс-шара аясында «IT Group Kazakhstan» ЖШС директоры Дудниченков М.М. тұлғаларды және автокөлік мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану функцияларын қамтамасыз ететін заманауи «ақылды» камералардың мүмкіндіктерін таныстырды.

Талқылау барысында өңірдегі криминогендік ахуалға қатысты проблемалық мәселелер қарастырылып, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

_gluster_2026_1_8_a87af87cf89f58777e470cd32426e336_1280x720

2025 жылы қол жеткізілген оң нәтижелерді ескере отырып, форум қатысушылары қылмыс деңгейін төмендетуге және оның жекелеген түрлерінің алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар кешенін кеңейте отырып, «Қауіпсіз өңір» жобасын 2026 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале