Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) алдын алу және олардың салдарын азайту, сондай-ақ жүргізушілер тарапынан жасалатын өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 2025 жылғы 7-31 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) өткізіліп жатыр, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша жедел бақылау күшейтіліп, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
ЖПІШ аясында анықталған негізгі құқық бұзушылықтар:
ӘҚБтК 608-бабы (мас күйде көлік құралын басқару) – 55 дерек;
ӘҚБтК 463-бабы (жолаушыларды заңсыз тасымалдау) – 56 дерек;
ӘҚБтК 612-бабының 3-бөлігі (жүргізуші куәлігінен айырыла тұра көлік құралын басқару) – 54 дерек.
Бұл көрсеткіштер жолдағы тәртіп бұзушылықтар мен салғырттықтың әлі де өзекті екенін көрсетеді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осыған байланысты, БҚО Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды қырағылық пен жауапкершілікке шақырады.
Жолдағы тәртіп – ортақ қауіпсіздіктің кепілі!