13.06.2025, 17:15
Оқылды: 137

БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері игі іске ұйытқы болды

БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері игі іске ұйытқы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

7e6a7ead-9951-4c07-b679-90c77fd87570

Сурет: Polisia.kz

Қан — адам өмірін құтқаратын жалғыз әрі алмастырылмайтын биологиялық ресурс. Жарақат, күрделі операция, босану, ауыр аурулар кезінде әр сәт санаулы. Сол кезде бір адамның ерікті түрде тапсырған қаны — екінші бір жанның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қан тапсыру — бұл үлкен батырлық болмаса да, адамгершілік пен жанашырлықтың көрінісі. Осы орайда, Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері бұл игі істі дәстүрге айналдырған. Жақында өткен донорлық акция барысында 30 қызметкер белсенді түрде қатысып, қан тапсыру арқылы көмекке мұқтаж жандарға үміт сыйлады. — Қан тапсыру — әр азаматтың адамгершілік парызы. Біздің қызметкерлер бұл істі жүрек қалауымен атқарып келеді. Әр тамшы қан — бұл біреудің үміті мен амандығы. Біз қоғамға нақты пайда келтіріп, нағыз жанашырлықты көрсеткіміз келеді, - дейді №27 мекеменің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ерлан Айберстиев. Мұндай шаралар қызметкерлер арасында жақсы дәстүрге айналып келеді. Жыл сайын қан тапсыруға ниет білдірушілер қатары артып отыр. Бұл — елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершіліктің айқын белгісі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале