23.12.2024, 13:00
Оқылды: 52

БҚО-да «Қазсушар» филиалы лимандарға, көлдерге және су қоймаларына 500 млн текше метрге жуық су жіберуді жоспарлап отыр

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы көктемде тасқын суын қабылдау үшін 14 су қоймасын орта есеппен 50%-ға босатты. Бүгінгі таңда мекеме иелігіндегі су қоймаларында 247 млн текше метрге жуық бос орын бар, деп жазды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзен ЖП / Гүлмира С.С

Филиал су тасқыны кезеңінде лимандарға, көлдерге және су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.  

«Бүгінгі таңда барлық су қоймалары қысқы жұмыс кестесіне ауысты. Яғни, біз тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындап жатырмыз. Мысалы, Шолақаңқаты су қоймасы 70%-ға, Шаған су қоймасы 60%, Сұлусай су қоймасы 65%, Емболатов су қоймасы 50%-ға босатылды. Су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда», - деді Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Рауан Хусаинов.

Сондай-ақ, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Батыс Қазақстан филиалы инертті материалдар және жанар-жағармай қорын әзірлеп жатыр.

Жалпы ұзындығы 73,6 шақырым болатын канал механикалық әдіспен тазартылып, 6 нысан қалпына келтірілді, 13 гидротехникалық құрылыста ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале