Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында айтты.
- Елбасы 5 жыл ішінде білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 10%-на дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту міндеті тұр.
Білім беру ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайту үшін биыл 3 млрд. теңгеге жуық (2017 жылы - 3 млрд. тг, 2016 жылы - 2 млрд. тг) көлемінде қаражат бөлінді.
Бұрын бала-бақшаларға орын жетіспеу мәселесі өткір болып келді. Мемлекеттің қолдауы мен жеке кәсіпкерлердің белсенділігінің нәтижесінде облыстағы балабақша саны 500-ге жетті, оның 52-сі жеке балабақша. Балаларды кезекке қою Орал қаласында электронды жүйеге көшірілді.
Нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% қамтылды. Ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету – 70%. Биыл бұл жұмыс аудандарда жалғасады. Электронды кезек ашықтықты қамтамасыз етіп, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.
Елбасы өз Жолдауында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістері мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс екенін атап өтті. Осы бағытта «Bilim Land» білім беру порталының жоғары сапалы мазмұнын қамтамасыз ету, қалалық және ауылдық мектептердің білім беру ресурстарына тең қолжетімділігін арттыру мақсатында барлық 225 (100%) шағын жинақты мектепке жалпы құны 312 млн. теңгені құрайтын 567 бірлік үш тілде білім беретін «Білім кітапшасы» компьютер-трансформер сатып алынды. «Нұр Отан» партиясымен бірге 15 IT сынып ашылып, IT-лицей жұмыс істей бастады. Келесі жылы партиялық жоба бойынша тағы 50 IT сынып ашылады. Ескірген жабдықтарды ауыстыру үшін 1500-ге жуық компьютер сатып алынды.
Биыл 5 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Олар Орал қаласындағы 600 орындық мектеп; Ақжайық ауданының Шардаржап ауылындағы 200 орындық мектеп; Ақсай қаласындағы 240 орындық балабақша; Зеленов ауданының Дариян ауылында 100 орындық интернаты бар 300 орындық мектеп; Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы мектептің 70 орындық интернаты.
Тағы 5 апатты мектеп пен үш ауысымдағы 5 мектепті жою үшін Білім және ғылым министрлігімен жұмыс жасалуда.
Жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау үшін соңғы 2 жылда жергілікті бюджеттен 300 грант бөлінді, - деді баспасөз мәслихатына қатысқан БҚО әкімі Алтай Көлгінов.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!