14.07.2023, 11:00
Оқылды: 40

БҚО-да қоғамдық орындардағы тәртіпті күшейту мақсатында бірнеше жоба жұмыс істеп жатыр

БҚО-да қоғамдық орындардағы тәртіпті күшейту мақсатында бірнеше жоба жұмыс істеп жатыр. Солардың ішінде қоғамдық көмекшілердің еңбегі зор.

025a4aba-0d37-407b-93ca-fb7630e82939

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген қоғамдық көмекшілердің саны екі мыңға жуықтайды.

Бүгін полиция департаментінде тағы бір топ ерікті осы жұмысқа тұру үшін арнайы кеңес алуға келді.
- Қоғамдық көмекшінің жұмысы полициядан өзгеше. Оны полициямен шатастыруға болмайды. Олар хаттама толтырмайды, ешкімді жауапкершілікке тартпайды. Тек қоғамдық орындардағы тәртіптің сақталуына үлес қосады, әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кеседі, - дейді БҚО ПД ЖПҚ аға инспекторы Сергей Киселев.

128ebb25-40f1-472d-b349-259fb7e8b369

Қоғамдық көмекші болып жұмыс істейтін адамның жасы 18-ге толған болу керек. Басқалай жасқа шектеу жоқ.

Екінші ескеретін жайт ҚР азаматы болуы керек, ешқандай есепте тұрмауы керек, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасамауы керек.

Мұның бәрі Ішкі істер органының арнайы базасы арқылы тексеріледі.
Осы тексерістердің бәрі өткесін қала әкімінің өкімімен еріктілерге арнайы куәлік беріледі.
Олар көшедегі, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға үлес қосады. Қоғамдық тәртіп сақшысы кез келген әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға қатыса алады.
Мәселен, көшеде ішімдік ішіп жұрттың мазасын алатындарды тоқтатуға, қоғамдық орындарда тыныштық сақтауға шақыруға құқылары бар.
Егер қоғамдық тәртіп сақшысының сөзін тындамаса, ол полиция өкілін шақырады.
Қоғамдық тәртіп сақшыларының бұл еңбегі ақылы, оларға 10 АЕК ақша төленеді.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале