Батыс Қазақстан облысында көктемгі әскерге шақыру маусымына орай студент жастарға әскери қызмет туралы кеңінен түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында арнайы ақпараттық топ құрылды.
Ақпараттық топтың жұмысы Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған.
Оның құрамында Қорғаныс істері жөніндегі департамент мамандары, әскери қызмет ардагерлері, сала сарапшылары және азаматтық қоғам өкілдері бар.
Топтың негізгі мақсаты — студенттерге әскери қызметтің маңыздылығы, оның тұлғалық даму мен патриоттық тәрбиедегі рөлі жайында жан-жақты ақпарат беру. Сонымен қатар әскери қызметке шақыру тәртібі, шарттары мен талаптары туралы нақты мәлімет ұсынып, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беру.
Бүгін Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі студент жастармен әскери қызмет жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмысы өтті. Әскерге барып борышты өтеудің маңызы айтылды, сұрақтарға жауап берілді.
Айта кетейік, түсіндіру жұмысы Оралдағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2025 жылдың 7–11 сәуірі күндері өтеді.
Марзия Зеин,
фотоға түсірген Дастан Максут
zhaikpress.kz