2021 жылдың 21 ақпаны күні Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көпшілік шаңғы жүгірісі өтеді. Жүгіріске әртүрлі жастағы барлық тұрғындар қатыса алады.
Шаңғы жүгірісі шаңғы спортын дамыту, облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты қалыптастыру, Тәуелсіздіктің тарихи маңыздылығын насихаттау мақсат-міндеттерін көздейді.
Өтетін мерзімі: 21 ақпан 2021 жыл (сағ.11.00)
Өтетін орны: Қалалық мәдени және демалыс саябағы (Шаған өзенінің оң жағалауы)
Ұйымдастыру орталығы