24.04.2020, 11:43
Оқылды: 39

БҚО-да коронавирус анықталған 92 адамның 79-ы Ресейден келгендер

Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 6  дерегі тіркелді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

01044C7D-6180-4C7B-8230-B0D958FAA312

Алты тұрғынның бесеуі – Ресейде вахталық әдіспен жұмыс жасайды, үшеуі – БҚО-ның, екеуі – Түркістан облысының азаматтары. Саратов облысымен шектесетін «Тасқала» автоөткелінен өткен кезде олардың денсаулығына шағымы болмағанмен, карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық сынама алынғанда, коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Тағы бір адам – Орал қаласының 54 жастағы тұрғыны. Ол бұрын ауырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылып, сынама алынған. Қазіргі таңда алтауы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.

Облыста ауырғандар саны 92-ге жетіп, оның екеуі жазылып шыққанын бұған дейін жазған болатынбыз. Науқастардың 79-ы – Ресейден келгендер. 79 азаматтың ішінде 62-сі БҚО тұрғындары, 17-сі еліміздің басқа облыстарынан (Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе), 4-уі жүк тасымалымен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 90 адам, провизорлық стационарда 22 адам, карантиндік стационарда 370 адам жатыр. Үйде 1176 адам оқшаулануда. Бұлардың барлығы да жергілікті мекенжайлары бойынша күнделікті бақылауда. Тағы бір айта кетерлік маңызды мәселе, Рамазан айында ораза ұстаушылардың ауызашарға бір-бірін қонаққа шақыруына, баруына тыйым салынады. Ауызашарда әркім өз жанұясымен бірге болуы тиіс. Қазіргі басты мақсат - санитарлық талаптарды орындап, тәртіпке бағынып, үйде отыру, - деді Н. Мұстаев. Сондай-ақ Н.Мұстаев үйлеріне қайтып келе жатқан Ресейде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтардың қатаң бақылауға алынатынын, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың бұрынғыдан да күшейтіле түсетінін жеткізді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале