16.04.2020, 19:57
Оқылды: 47

БҚО-да коронавирус жұқпасынан екінші науқас сауығып шықты

29 наурызда коронавирус инфекциясы анықталған БҚО тұрғыны дертінен сауығып шықты.

EF1B57A0-2BCB-489B-A8E2-7727F59313B0

Бұл азаматша Ресей Федерациясынан келіп, үй карантинінде болған. Дене қызуының көтерілуіне шағымы бойынша провизорлық стационарға жатқызылып, коронавирустық инфекцияға тексерілді. 29 наурызда зертханалық зерттеуден оң нәтиже алғаннан кейін жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған болатын. Бүгінде ол барлық емін алып, үй жағдайына шықты. Ауруханадан шығарыларда екі рет коронавирусқа тексеріліп, дертінен жазылғаны расталды.

Енді ол алдағы 14 күн бойы үй карантинінде болады. 

Бүгінгі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 23 адам ем алуда.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале