12.04.2020, 1:03
Оқылды: 6

БҚО-да коронавирус жұқтырған 7-ші адам анықталды 

Батыс Қазақстан облысында 100-ден астам адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5DCDD659-E218-488C-AD58-7EB78DFC204E

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, барлығы стационарда 117 адам болса, соның жетеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Сондай-ақ провизорлық стационарда 51, карантиндік бөлімшеде 59 адам бақылануда. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлім еткеніндей, 11 сәуір күні коронавирус табылған азамат Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін БҚО-ның 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекеттен өткен кезде аталған тұрғыннан жөтелу және тұмаурату белгілері анықталған. Ол сол бойда провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус табылғаннан кейін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы бақылауға алынды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале