5.05.2025, 10:45
Оқылды: 281

БҚО-да құбыр суының сапасынан ауытқулар анықталды

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ауыз судың сапасын тексеру үшін зерттеу жүргізген. Жүргізілген зерттеудің нәтижесіне сәйкес құбырдан ағып тұрған ауыз судың гигеналық-нормативтік талаптарға сай еместігі анықталыпты.

жп вода (2)

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Депаратемнтр мамандары құбыр суынан 1090 сынаманы алып, зерттеу жүргізді. Нәтижесінде 23 сынама қажетті нормативтерге сәйкес болмай шыққан. Яғни, құбырдан ағып тұрған ауыз судың 2,1 пайызы гигеналық талаптарға сай еместігі анықталып отыр. Бұдан бөлек санитарлық-химиялық көрсеткіштерді тексеру үшін 1117 сынама алынды. Ол сынамалардың нәтижесінде 68 сынамадан ауытқулар анықталды, - деді Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.

Эпидемиологиялық мамандар ауаның сапасына да мониторнинг жүргізген. Абырой болғанда ауа сапасынан ауытқулар анықталмаған. Анықталған ауытқуларды түзету үшн тиісті мекемелерге нұсқамалар жіберілген.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале