22.07.2025, 14:45
Оқылды: 99

БҚО-да құрылыс компаниясының екі қызметкерін ұрып-соққан күдіктілер ұсталды

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша төрт күдікті қолға түсті, - деп жазады kaz.inform.kz

Полиция ЖП (жаңа фото)

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 шілде күні шамамен сағат 15.00-де Жаңақала-Чапаев жолы бойында болды.

— Барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелуі департамент басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, күдіктілер жол салушы «Ануш Құрылыс» ЖШС-ның екі қызметкерін ұрып соққан. Олардың біреуі — армениялық азамат.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале