14.11.2023, 10:45
Оқылды: 25

БҚО-да құтқарушылар көлік апатына түскен жолаушыны құтқарды

Кеше 101 пультіне  түнгі 1:52-де Құрманғазы және Сарайшық көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болғандығы жөнінде хабарлама түскен.

чс

БҚО төтенше жағдайлар депаратментінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен құтқарушылар аталған мекенжайда Nissan және  Skoda автокөліктерінің арасында қақтығыс болғанын анықтаған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автокөліктерде екі жүргізуші және бір жолаушы болған.

506991ae-6a03-4936-8d8a-1b6306fa10da

Құтқарушылар жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктердің бірінде қысылып қалған 1995 жылғы туған  жолаушыны гидравликалық құралдардың көмегімен  құтқарып, әр түрлі дене жарақатымен жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқиға орнына БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының  бір техникасы мен бес құтқарушы жұмыс істеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале