7.11.2017, 17:15
Оқылды: 29

БҚО-да қылмыс 11 пайызға төмендеген

84bc68a4-2cf4-4863-a68e-662a5bb3728bОблыс көлеміндегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 11 пайызға төмендеген. Ал ағымдағы жылдың он ай мерзімі ішінде қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар саны 5 пайызға артып, көше қылмыстары 3,3 пайызға азайған.

 Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасының басшысы Жанат Нұрмағанбетова мәлімдеді.

Спикердің мәліметінше, жасалған қылмыс түрлерінің ішінде ең көп тіркелгені өзгенің мүлкіне қол сұғу болып отыр. Соңғы он жыл мерзімнің ішінде жасалған ұрлықтың саны 4 есеге өскен. Атап айтқанда 2007 жылы 1708 ұрлық тіркелген болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 6746-ға жеткен.

Жасалған ұрлықтардың басым көпшілігі мал ұрлығы мен пәтер тонау, қоғамдық орындар мен көліктерде қалтаға түсу арқылы ұялы телефондар мен бағалы заттарды жымқыру болып отыр.

Бас прокуратураның бастамасымен өткен жылдың 4 қазанынан бастап «Ұрлыққа жол жоқ» жобасы қолға аланған. Жобаның басты мақсаты-орнын алатын қылмыстың санын барынша төмендету болатын. Ағымдағы жылға статистикалық деректерге сүйенсек, бұл жоба өз нәтижесін беріп, қылмыстың кейбір түрлері едәуір азайған.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале