12.07.2022, 9:30
Оқылды: 48

БҚО-да қылмыстық топ ұсталды

БҚО Полиция департаментіне қарасты криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел іс-қимылы нәтижесінде Орал қаласына басқа өңірлерден пәтер ұрлығын жасау мақсатында келген «гастролер-ұрылар» қылмыстық тобы ұсталды.

201118111447348e (1)

Сурет: ҚазАқпарат

Топ құрамында төрт қыл­мыскер бар, олардың үшеуі Нұр-Сұлтан, Шымкент және Семей қалаларының тұрғындары, ал топтың ұйымдастырушысы еліміздің оңтүстік өңірінен шыққан. Қылмыскерлер Орал қаласында алдын ала жалға алынған пәтерде тұрып, астыртын әрекет ету шараларын жасаған. Сонымен қатар қатысушылардың бірі 2020 жылдан бастап мемлекетаралық іздеуде болған.
– Ұрылар тиянақты құрылған жоспар бойынша әрекет еткен. Арнайы іс-шаралар кешенін мақсатты әзірлеу және өткізу нәтижесінде ұрылар коттедждердің бірін тонап жатқан жерінен ұсталды. Олардың пайдаланған аутокөлігін тексеру барысында жымқырылған қырауар ақша, есік құлыптарын бұзуға арналған құралдар мен рация, сонымен қатар жалға алынған пәтерді тінту кезінде бағалы алтын бұйымдар тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың басқа да ұқсас ұрлықтары әшкереленіп, ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ биылғы сәуір айында Атырау қаласының 2 тұрғынынан құрылған қылмыстық топ ұсталды. Олардың тарапынан жасалған Орал қаласы аумағындағы пәтер тонаудың 3 дерегі дәлелденді, – деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері облыстың полиция қызметкерлері 34 пәтер тонаушыны ұстап, қылмыстық құқықбұзушылықтың осы түрін жасауға маманданған 6 қылмыстық топтың жолын кесті.

Нұртілеу Бауыржанұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале