26.11.2024, 11:00
Оқылды: 11

БҚО-да «Қыс–2024» оқу-жаттығу жиыны өтті

Қарашаның 21-22 күндері облыстың барлық аудан мен қалаларында «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың  құрылымдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті.

467865729_2003192886772173_813548455011854034_n

Оқу-жаттығу қыста орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу және  жоюға бағытталған күштер мен құралдардың дайындығын пысықтап, төтеншеліктер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды мақсат етті. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында елді апат алдында құлақтандыру үшін байланыс жүйелерінің дайындығы тексеріліп, барлық деңгейлерде жедел кезекшілік ұйымдастырылды. Болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысына мониторинг жүргізіліп, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорлары құрылды. ТЖ-ның алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының жедел штабтарының жұмысы ұйымдастырылды.

467646876_2003192726772189_2102408879361653054_n (1)

Облыстық, қалалық және аудандық қызметтер мен азаматтық қорғау құрылымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға дайындығы да тексерілді. Облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратта аталған оқу-жаттығу 2 кезеңмен өткізілді. Атап айтатын болсақ, бірінші кезеңде басқару құрылымдары, күштер мен құралдардың дайындығы пысықталған. Болжам негізінде ықтимал ТЖ жою жөніндегі функционалдық міндеттерді орындау барысы, ұйымдастыру жұмысы тексерілген. Ал екінші кезеңде жедел жағдай бойынша ТЖ-ны жоюға бағытталған шешімдері қабылданған. Оқу-жаттығуға 167 адам, 58 түрлі техника жұмылдырылды.

Шартты апатты жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау және авариялық қызметтердің өзара іс-қимыл әрекеттерін қадағалау сәтті аяқталды. Сонымен қатар оқу-жаттығу аясында электросиреналарды іске  қосу арқылы құлақтандыру  жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Бұл іс-шара халықты «Баршаның назарына!» құлақтандырудың бірыңғай дабылына назар аударуға үйрету мақсатында өткізілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале