ҚР МҚІА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтың шағымы негізінде тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жер телімін беру бойынша мемлекеттік қызметті беруден негізсіз бас тарту фактісін анықтады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.
Сурет: pixabay
Енгізілген нұсқама негізінде қызмет алушыға балық шаруашылығы нысандарын орналастыру және қызмет көрсету үшін жер телімі берілді.
Сондай-ақ қызмет алушының құқығы қорғалды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.