Батыс Қазақстан облысында қызылшаға шалдыққан адамдар саны көбейіп отыр, - деп жазады kaz.inform.kz.

Фото: istockphoto.com
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жыл басынан бері күні бүгінге дейін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 57 адам жатқызылды. Соның ішінде 38-і жазылып шықты.
– Қазіргі таңда стационарда 19 адам жатса, соның 18-і – балалар, біреуі – ересек адам. Соның ішінде екі бала реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. Барлық науқас дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.