Облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбидің бірыңғай стандарты жөніндегі парламенттік тыңдаудың шешімін қолдау» мақсатында блиц-сауалнама жүргізді.
«Латын графикасы жөнінде не білесіз?» тақырыбындағы ауалнамаға өңір тұрғындары қатысты.
Әлеуметтік желі бойынша ұйымдастырылған сауалнамаға 1764 адам қамтылды. Олардың 83,6% латын графикасы турасындағы ақпаратпен жақсы таныс екендігін, осы мәселеге қатысты үнемі оң пікірлерін білдіріп жүретіндігін атап көрсетті. Ал 17,4% тілдік қажеттілік деп түсінеді. Ал 0,1% латын әліпбиіне көшуге әлі ерте деген пікірде.