Денсаулық – бұл барлық адам үшін ең басты құндылық.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі.
Өйткені әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылады.
МӘМС аясында әр азаматқа клиника мен дәрігер таңдауға мүмкіндік мол.
Сондай-ақ сақтандыру пакетіне жоғары технологиялы операциялар да кіреді.
Бұл орайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ел игілігі үшін мүмкіндігінше қарқынды қызмет атқарып келеді.
Айта кетейік, БҚО-да биыл 10 айда МӘМС есебінен 16 000 жуық ота жасалды.
Тимур Сәбитұлы,
«Юнисерв» медицина орталығының
хирург-дәрігер