Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрданат Беркінғали айтты.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына кезекті азайту үшін электронды кезекті басқару бағдарламасы енгізілген.
Оралдағы 6 емханаға және Деркөл ДА-ға «Қазмединформ» біріктірілген электрондық кезек басқару жүйесі енгізілді. Құжатсыз есеп беру формаларының саны - 105 (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 927 «Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттарды қағазсыз басқаруға көшу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы» бұйрығы), дәрігерге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы рұқсат беру мүмкіндігі.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша жол картасы» бекітілді, оған сәйкес интернетке қатынау жылдамдығын 120 медицина ұйымдарында 10 Мбит/с-тан 30 Мбит/с-ге дейін ұлғайту үшін жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні интернет желісіне 263 медициналық мекеме (383-тен) қосылған. Шалғай аудандардағы медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер (барлығы 120 объекті немесе 30%) интернет желісіне қосылмаған. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ кең жолақты интернет-арнасына қосу үшін жұмыстануда.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!