29.10.2019, 15:48
Оқылды: 65

БҚО-да мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылғандығы жөнінде 373 факт анықталған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді.

galym tyrsynov

-Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылаған департаментпен 9 айда 52 тексеріс жүргізді. Оның 12-і  профилактикалық бақылау және қадағалау, 39 өтініш бойынша тексерілді. Тексеру нәтижесінде 373 заңнама бұзушылық анықталды:

Сондай-ақ тексеру қорытындысында мемлекеттік органдарға 14 ұсыныс және қолданыстағы заңнама нормаларының бұзылуын жою туралы 11 нұсқама енгізілді. Қазір 14 ұсыныс және 11 ұйғарым орындалды.

Профилактикалық бақылау кезінде 10 мемлекеттік қызметкерге 597 513 теңгеге заңсыз сыйақы беру фактісі анықталды. Оның ішінде БҚО полиция департаментінде 9 қызметкерге 310 000 теңге, және БҚО мәдениет басқармасының бір қызметкеріне 287 513 теңге берілген. Мемлекет қазынасына 10 тұлғадан 597 513 теңге қайтарылды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңды бұзғаны үшін 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексеру қорытындысында  өтініш берген 10 адамнығ 7-нің құқығы қайта қалпына келтірілді, - деді Ғалым Сұлтанұлы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале