11.11.2025, 16:00
Оқылды: 49

БҚО-да мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау бойынша іс-шара өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

дін 1

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мейрамбек Кабдоллин қатысып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы түсіндірме берді.

Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен қоғамда радикалды көзқарастардың таралуына жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің зайырлы қағидаттарды сақтау, діни бейтараптық ұстану және деструктивті ағымдардың ықпалына түспеу қажеттілігіне назар аударылды.

дін2

Іс-шара соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға ықпал етеді.

 

       Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

       Батыс Қазақстан облысы бойынша

       департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале