20.05.2024, 9:15
Оқылды: 65

БҚО-да мердігер топырақты заңсыз қазып алып, 2,9 миллион теңге залал келтірген

Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе ауданы прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша жол жөндеуге топырақтың заңсыз алынғанын анықтады.

прокуратура

Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қалдығайты және Қарақамыс ауылдарының ішкі жолдарын күрделі жөндеу барысында мердігер елді мекен маңынан 8 200 тонна топырақты уәкілетті органның рұқсатынсыз заңсыз қазып алған.

Келтірілген шығын көлемі 2 миллион 900 мың теңгеден асқан.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша жосықсыз мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, келтірілген залал толық көлемде өндірілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале