2021 жылға бекітілген тарифтік сметаның және 2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді талдау нәтижелері бойынша 2022 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген бірқатар табиғи монополиялар субъектілерін «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26 - бабының 2-тармағының 15) және 16) тармақшаларын бұзғаны үшін, оның диспозициясы сәйкесінше бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау болып табылатындықтан, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Осылайша, «Жайықжылуқуат» АҚ-ы, ШЖҚ «Ақсайжылуқуат» МКК-ы,«Ақсайгазөндірісқуаты» АҚ-ы, «Стройтех» ЖШС-ы, «Уральскснабконтракт» ЖШС-ы, Тасқала ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК-ы, «Ағын» САӨК,«Мендыгазиев Р.А.» ЖК-і, «Коммунальник» МКК-ы, «Ернур» ЖК-і, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ШЖҚ МКК-ы, «Коммунал» МКК-ы, Казталов ауданы әкімдігінің «Казталов» МКШ ЖҚК-ы, «Нұржауған» ЖК-і атты субъектілерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 11 088 060 теңге айыппұл салынды.
Сонымен бірге, бірқатар субъектілер құқық бұзушылықтарға жол бергенін мойындай отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, айыппұлды қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеу мүмкіндігін пайдаланғанын атап өткен жөн.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті