15.03.2026, 13:22
Оқылды: 51

БҚО-да мүгедектігі бар жандарға дауыс беруге барынша қолайлы жағдайлар жасалған

Бүгінгі референдумға қатысып, өз таңдауын білдіруге құқылы 446 391 батысқазақстандықтың 2254-і дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар жандар. Бұл санаттағы дауыс берушілерге облыстық референдум комиссиясы тарапынан барынша қолайлы жағдайлар жасалған.

329b4bea-822a-42d8-b91b-3cf91041fbca

Орал қаласы мен аудандарда такси қызметі ұйымдастырылған, учаскелерде арнайы бұрыштар ашылған.
Тағдырдың жазуымен мүгедектер арбасына таңылса да, сағы сынбаған, келешекке сенімін жоғалтпаған жанның бірі Гүлмира Батпақұлова. Ол «Арба» бірлестігін құрып, мүгедек жандарға қолдау көрсетіп жүр. Бүгінгі референдумға да елдің ертеңіне қатысты ұстанымымды білдіру үшін келдім, - дейді ол.

a3a1f12d-b7d1-4c77-8adc-3bfc43e84693
- Бүгін 34 учаскеде өз дауысымды беруге келіп отырмын. Мына учаскеде өте ыңғайлы жағдай істеп берген бүкіл мүгедектігі бар адамдарға, көзі нашар көретіндерге тактильді плитка бар, бағыттаушы бар. 00-27 Біздерге қоларбаға, сосын тірек қимыл аппараты бұзылған адамдарға да жағдай бар.
Облыста дауыс беру кезінде ерекше жағдайды қажет ететін 2254 жан бар. Оларға арнап бүгін такси қызметі тегін ұйымдастырылыпты. Облыс бойынша мүгедек жандарды тасымалдауға 78 автокөлік тартылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале