27.03.2018, 17:44
Оқылды: 50

БҚО-да мұздақтан жиырма киік шығынға ұшырады

20180327164451Батыс Қазақстан облысында мұздақтың салдарынан жиырма киік шығынға ұшырады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешевтің айтуынша, бұлардың бәрі де - былтырғы төлдер. Соның жетеуі Ақжайық және соншасы Бөкей ордасы, қалған алтауы Жаңақала ауданында өлген. Ақжайық ауданында 21-22 наурыз күндері жаңбыр жауып, соңы мұздаққа ұласты. Соның салдарынан аудан орталығы Чапаев ауылы маңында жүрген киіктер шөп жей алмай, қиын жағдайға тап болды.

Ақжайық ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, трактормен киіктер шөпке жететіндей жағдай жасалды. «Шөп салып көріп едік, киіктер оған жоламады. Сосын қамысқа дейін жол салынды. Қазір киіктер қамыстың арасында, жылқылармен бірге тебіндеп жүр. Жануарларды сол маңдағы қос бірдей аңшылық шаруашылығы бақылауда. Жалпы, облыста 100 мыңның үстінде киік бар, олардың негізгі бөлігі қазір Қазталов, Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарында жүр. Киіктер негізінен сордың іргесінде жайылғанды жақсы көреді. Ақжайықта бөлек жүрген бір тобы ғана», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Қ.Қадешев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале