5.11.2024, 9:15
Оқылды: 147

БҚО-да мыңнан астам қыз бала папиллома вирусына қарсы вакцина алды

Бүгінгі таңда облысымызда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинамен 11-13 жас аралығындағы 1 614 қыз егілді, деп хабарлады БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

IMG_0798

Сурет: pixabay.com

Қыркүйек айынан бастап облыстың әр ауданында жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған толтыру иммундауы жүргізіліп жатыр.

Н.Мұстаевтың айтуынша, вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін кері әсер берген жағдайлар тіркелген жоқ.

АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуына жол бермейді.

Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдердің сүт безі обырынан кейінгі өлімінің екінші себебі саналады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале