15.03.2026, 8:29
Оқылды: 22

БҚО-да «Надежда» халықтық-вокалдық тобы референдумда өз таңдауларын жасады

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылында республикалық референдум барысында мәдениет саласының өкілдері де белсенділік танытты. Ел болашағына бейжай қарамайтын тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Солардың қатарында өнер ұжымдары да бар.

132ffd39-94b8-4837-a35f-e4e46f92d019

Құрылғанына 15 жылдан асқан орыс «Надежда» халықтық-вокалдық тобының мүшелері Тасқала ауылындағы №329 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Өнер ұжымы учаскеге ұлттық халықтық сахналық костюмдерімен келіп, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Дауыс беру рәсімінен кейін ансамбль мүшелері жиналған тұрғындарға ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
«Надежда» халықтық-вокалдық тобы 2009 жылы құрылған, ал 2013 жылы «Халықтық» атағына ие болды. Бүгінде ансамбль құрамында 13 өнерпаз бар. Ұжымның шығармашылық репертуарында қазақ және шетел композиторларының 20-ға жуық әні бар.
Ансамбльдің ерекшелігі – оның құрамында қазақ, орыс, татар және украин ұлттарының өкілдері өнер көрсетеді. Бұл ұжымның шығармашылығы халықтар достығы мен мәдени бірлікті насихаттауға бағытталған.
Өнер ұжымы жылдар бойы түрлі мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Мәселен, 2014 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Еднання» украин мәдени-ағарту бірлестігі ұйымдастырған «Сорочин жәрмеңкесінде» «Үздік вокалдық топ» номинациясын жеңіп алды. 2016 жылы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шежін ауылдық мәдениет үйінде «Мәңгілік ел – татулық бесігі» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
Соңғы жылдары да шығармашылық белсенділігін жалғастырып келе жатқан ұжым 2021 жылы есеп беру концерттерін өткізіп, 2023 жылы «Сорочин жәрмеңкесіне» қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Ал 2025 жылы көрермендерге «Когда поют девчата» атты концерттік бағдарламасын ұсынып, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале