26.02.2021, 16:29
Оқылды: 69

БҚО-да облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті

Бүгін Достық үйінде облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы болды. Пленумға соғыс және еңбек ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, офлайн форматта 28, онлайн түрде 23, барлығы 51 адам қатысты.

IMG-20210226-WA0006

Жиынның күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының 2015-2021 жылдардағы атқарған жұмысының есебі және «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралды.

IMG-20210226-WA0008

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мырзағали Мұхамбетов баяндама жасап, облыстық филиалдың 2015-2021 жылдар аралығындағы атқарған жұмыстары жайында мәлім етті. Жиында облыстық филиалдың төрағасын сайлау туралы Мырзағали Мұхамбетов ұсыныс түсірді. Ол өзінің денсаулығына байланысты төрағалыққа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық аппаратының келісімімен Мақсот Бергеннің кандидатурасын ұсынды.

IMG-20210226-WA0009

Бұл кандидатураны пленумға қатысушылар бірауыздан жақтап дауыс берді. Жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысып, сөз сөйледі.

IMG-20210226-WA0007

Бұл жөнінде толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Нұрымбек Жапақов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале