29.08.2024, 18:15
Оқылды: 127

БҚО-да өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижесі белгілі болды

БҚО-да жыл басынан бері өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу аясында сауда орындарына барлығы 147 сынама сатып алынып, зертханалық зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Кереева айтты.

1FEFEE70-FA63-4F00-8088-13697AC7C389

Сурет: pixabay.com

Бақылау мақсатында сараптама жүргізуге алынған өнімдердің саны 106 сынама, оның ішінде 56 тағам өнімдерін және 50 тамақ емес өнімдерін құрады. Оның ішінде отандық өнімдер үлесі 18 болса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер үлесі – 59 және өзге елдерде өндірілген көрсеткіші – 29.

Облыс бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының зертханасында жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімнің 45 үлгісі, яғни 42,4% техникалық регламенттердің таңбалануы бойынша талаптарына сай келмей шықты (тамақ өнімдері – 14 сынама, тамақ емес – 31 сынама, оның ішінде мектеп формасы – 17). Өнім туралы ақпараттар көрсетілмеген. Бұл өз кезегінде өнімнің сапасына күмән тудырады.

Себебі таңбалау арқылы тұтынушы өндіруші туралы, өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі мен дайындалған уақыты, сақтау шарттары туралы қажетті ақпараттарды алады.

Таңбалануы бойынша сәйкессіздіктер анықталған өнімдер – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен өзге де шетелдерде өндірілген өнімдер.

Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша сауда объектісіне өнімді кері қайтарып алу түрінде қаулы берілді.

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім сатып аларда міндетті түрде тауардың таңбалауына, сыртқы түрі мен құрамы және қаптамасының бүтіндігіне, жарамдылық мерзімінің өтпегендігі мен сауда орындарындағы сақталу шарттарына мән беру қажеттігін еске салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале