21.08.2024, 12:30
Оқылды: 183

БҚО-да өңірлік кадрлық резервке іріктеу қалай жүргізіліп жатыр?

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық облысында өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізіліп жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту, деп жазады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті.

DCC83965-3B10-4A31-B36D-860997A08B12

Іріктеуді облыстардың өңірлік кадр комиссиялары жүзеге асырады. Оған 35 жастан аспаған, жоғары білімді, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға мүмкіндік алып, Батыс Қазақстан облысы бойынша 423 азамат ниет білдіріп, 273-і жіберілді.

Резервке іріктеу бес кезеңнен тұрады (құжат тапсыру, заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу, құзыреттерді бағалау, комиссиядағы құрылымдық сұхбат, комиссияның қорытынды отырысы).

Заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу, құзыреттерді бағалау кезеңдері Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және Мемлекеттік басқару академиясымен жүргізілді.

Құрылымдық сұхбат кезеңі өңірлік кадр комиссиясының төрағасы, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің басшылығымен өткізіліп, құзыреттерді бағалау кезеңінен ең жоғары нәтиже көрсеткен 44 үміткер қатысты.

Сұхбат кезінде үміткерлер өздері таңдаған салалық бағыт бойынша жобасына презентация жасап, өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, мүмкін болуы проблемалар мен күтілетін нәтижелерді ұсынды.

Сонымен қатар өңірлік резервке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңіне қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар байқаушы ретінде қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале