14.12.2021, 18:00
Оқылды: 39

БҚО-да орман шаруашылығы инспекторы қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Мәженов қайтыс болды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның себебі қаруды ұқыпсыз ұстағаннан болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_91206

Серік Маженовтің өлімі туралы ақпарат бұрын желіде тараған. Ол браконьерлердің қолынан қаза тапқаны туралы хабарланған еді.

 Экология министрлігі инспектордың қайтыс болғанын растады, бірақ браконьерлердің қолынан қаза тапқанын жоққа шығарды.
"14 желтоқсанда сағат 09.30 шамасында БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы, 1977 жылы туған Серік Сағындықұлы Мәженов қаруды абайсыз қолдану салдарынан қайтыс болды", - деп хабарлады Экология министрлігі.

Қосымша ақпарат нақтыланып жатыр. Министрлік өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтты.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале