7.05.2025, 12:45
Оқылды: 250

БҚО-да Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің тікелей көрсетілімі өтті

Бүгін Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Астана қаласында ұйымдастырылған Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің тікелей эфир көрсетілімін тамашалау рәсімі өтеді.

IMG_0624

Салтанатты шара көрсетілімін тамашалуға 1200 адам жиналды. Шерудің көрсетілімі алдында жергілікті өнерпаздар – DDRECORDS тобының мүшелері арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Олар көрермендерге патриоттық рухтағы әндер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат етуде.

IMG_0623
Бұл бастама – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық сана қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

IMG_0625
Айта кетейік, Отан қорғаушылар күні – ел Тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ерлердің ерлігіне тағзым ететін ерекше күн. Шерудің тікелей көрсетілімі – осы мерекенің мәні мен маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале