Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторинг барысында Сырым ауданының педагогтеріне белгіленген міндетті 259 млн теңге үстемақы төленбегендігін анықтады.
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес, осы тұлғаларға ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемақы белгілеу қажет.
Сырым ауданының білім бөлімі 2020-2023 жылдар кезеңінде 26 білім беру ұйымының 1195 қызметкеріне жалпы сомасы 259 млн теңгеге ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10% мөлшерінде үстемақы төлемеген.
Департаменттің араласуымен Сырым ауданының білім бөлімі тарифтік тізімге өзгерістер енгізіп, жалақыны қайта есептеді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі