8.01.2026, 18:00
Оқылды: 29

БҚО-да полицейлер тұрғынның пәтерінен экстракциялық опийді анықтады

БҚО-да полицейлер әйелдің пәтерінен экстракциялық опийді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6416E05C-DDD5-4D2F-B0F9-55BC04F64812

Сурет: Polisia.kz 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз дайындау және сақтау дерегін анықтап, әшкереледі. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1981 жылы туған күдіктіні ұсталды. Тінту жүргізу кезінде оның пәтерінен медициналық шприцтер, өзіне тән иісі бар қара түсті зат салынған ыдыс, сондай-ақ сұйықтығы бар пластикалық ыдыстар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат есірткі құралы — экстракциялық опий екені анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр қылмыс болып саналатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале