4.05.2023, 19:45
Оқылды: 32

БҚО-да полицейлер жалған нөмірлермен жүрген Мерседес жүргізушісін ұстады

21 жастағы автокөлік жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болмаған және бір күнде қала орталығында жылдамдықты 13 еседен асырып айдап, жол ережелерін бұзған. Оның тарапынан келтірілген айыппұлдардың жалпы сомасы 310 мың теңгені құрады. Бұл жөнінде БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

WhatsApp Image 2023-05-04 at 17.43.21

Сурет: БҚО ПД (видеодан скрин)
ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша 21 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық құқықбұзушылықтар "Призма-Stos" автоматты жүйесімен тіркелді. Полиция қызметкерлері "Suncarsmartcity" бейнебақылау жүйесі арқылы жүргізушіні ұстады. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале