20.03.2024, 10:45
Оқылды: 49

БҚО-да полиция 670 миллион теңгеге жуық контрабанда тауарын анықтады

Батыс Қазақстан облысының полицейлері 670 миллион теңгеге жуық контрабанда тауарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.  БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп Орал – Бузулук автожолында екі ауыр жүк көлігін тоқтатты.

94ce6722-f8ad-49a0-8129-de3b8f623c2b

Олардың бірінен 1348 қорап ірімшік өнімі табылды. Тауарды жалған жүкқұжат арқылы тұз ретінде тасымалдаған. Ірімшіктің құны шамамен 320 миллион теңгені құрайды.

b6ad29c5-753e-4c58-b705-345d607479da

Екінші автокөлікте 1755 қорап  акциздік маркалары жоқ MILANO маркалы темекі салынған қораптар табылып, тәркіленді. Бұл тауар жалған жүкқұжат бойынша құбырлар ретінде тасымалданған. Тәркіленген темекінің құны шамамен 350 млн теңгеден асады.
Күдіктілер контрабандалық тауарлармен мемлекеттік шекарадан өтпек болған. Тәркіленген тауардың болжамды жалпы сомасы 670 миллион теңге.
Заң бұзушыларға айналымнан алып қойылған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: polisia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале