7.09.2024, 9:30
Оқылды: 112

БҚО-да полиция бір аптаның ішінде есірткі салынған 126 зип пакеттің есірткі қолданушыларға жетуінің алдын–алды

"Қарасора" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері Деркөл ауылының маңындағы орман алқабында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде екі есірткі жасырушыны «оқиға үстінде» ұстады, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі. 

InShot_20240907_085242190

Мәселен, 3 қыркүйек күні 20 жастағы жігіттен 24 түйін тәркіленді, оның ішінде ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ салынған "зип-пакеттер" болды.

Оқиға орнын тексеру кезінде жүретін жолдан 25 метр қашықтықта тас астынан көк изолентамен оралған орама табылды, ішінен “зип-пакет” табылып, тәркіленді.

Қыркүйектің 4 күні Деркөл ауылында 1983 жылы туған Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде ішінде ақ түсті, ерекше иісі бар ұнтақ зат "зип-пакеттері" бар 38 түйін тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды.

InShot_20240907_085318663

«Иттердің көмегімен жоғалған адамдар, жарылғыш заттар мен есірткі өнімдерін іздеу шаралары жүзеге асырылады. Қызметтік иттер тәртіп сақшыларымен бірге тәулік бойы кезекшілік атқарады. Адам өлімі, тонау, ұрлық, балалардың жоғалуы сияқты хабарлар түскен кезде дереу оқиға орнына жетеді. Мәселен жыл басынан бері 50 есірткі қылмысының беті ашылды. Бұл бағытта біз өңірге әкелінген тауар жүктерін тексерумен айналысамыз. Рейдтік шаралар тұрақты өткізіледі. «Закладка» салу, яғни, есірткіні жасырып тығу деректері бойынша да тексерулер қолға алынады, - дейді БҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция майоры Сариев Жандос Нұрболатұлы.

Жыл басынан полиция қызметінде жүрген иттердің көмегімен 204 қылмыс ашылса, кинологиялық қызметі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 50 есірткі қылмысының беті ашылды.

Бұған дейін Орал және Ақсай қалаларында есірткі затын жасырушы екі адам ұсталған болатын. Олардан жалпы есірткі салынған 63 «зип-пакет» алынды.

Жалпы бір апта ішінде жасырынған 126 «зип-пакет» табылып, тәркіленген еді.

Ұсталғандардың бәрі жеңіл ақша іздеп қылмыстық жолға түскендер.

Осыған ұқсас қылмыстар мүлкі тәркіленіп, оларға он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале